Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 января 2009 года № 25-п "Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам в сфере социальной защиты населения и правил их аттестации"

Бұйрық · № 21-п · қабылданған 26.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2009-no-25/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 января 2009 года № 25-п "Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам в сфере социальной защиты населения и правил их аттестации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 21-п ·26.01.2010
28.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 января 2009 года № 25-п "Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам в сфере социальной защиты населения и правил их аттестации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 21-п · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 января 2009 года № 25-п "Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам в сфере социальной защиты населения и правил их аттестации"
Атауы (қаз.)
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21-п
Қабылданған күні
26.01.2010
Көрсетілген редакция
28.06.2011 AI50804_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006068_
ЭКБ идентификаторы
50804
Редакция идентификаторы
AI50804_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:13

0 "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5565 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2009 жылғы № 7 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;»;
4-тармақтың бірінші абзацындағы «маманның» деген сөзден кейін «және әлеуметтік қызмет жөніндегі консультанттың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін лауазымына кіріскен адамдарға қолданылмайды».»;
аталған бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесінде:
1-тармақта «бұдан әрі – Ереже» деген сөздерден кейін «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«Аттестаттауға» деген сөздің алдынан «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді» деген сөздермен, кейін «(бұдан әрі – аттестаттау)» деген сөздермен толықтырылсын»;
«әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар,» деген сөздерден кейін «әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта «қызметкерлерді» сөзінен кейін «, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік мекемедегі әлеуметтік қызмет жөніндегі мамандарды» сөздерімен толықтырылсын;
7-тармақта «мамандар» деген сөздерден кейін «әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының үштен екі бөлігі оған қатысса заңды болып есептеледі.
Аттестаттау комиссиясының шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Аттестатталатын адам комиссия отырысына келе алмаған жағдайда, дәлелді себептер бойынша (еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңінде, демалыста болған кезеңінде, кәмелетке толмаған балалардың сырқаты кезінде, жақын туыстары қайтыс болған кезде) келе алмаған жағдайды қоспағанда, ол аттестатталмаған болып есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Аттестаттаудан өту үшін арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер және медициналық-әлеуметтік мекемелердің әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары облыстың уәкілетті органына, ал әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер ауданның уәкілетті органына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) еркін нысанда жазылған өтініш;
2) кадрларды есепке алу жеке парағының көшірмесі;
3) нотариуспен расталған білімі туралы дипломының көшірмесі;
4) ұйымның кадр қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Тестілеу аттестатталатын адамның таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. Тестілер әлеуметтік қызметкерлердің негізгі қызмет түрлерін қамтуға және облыстың уәкілетті органы әлеуметтік қызметке қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер үшін жеке әзірлеген және бекіткен 80 сұрақтан тұруға тиіс. Тестілерді орындауға берілген уақыт 60 минуттан аспайды.»;
23-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сертификат берілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының аумағында 5 жылға дейін жарамды.»;
24-тармақта «уәкілетті орган» деген сөздер «облыстың уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарына хаттамалық шешімнің көшірмесін облыстың уәкілетті органы береді.
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарға, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттарға және күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерге хаттамалық шешімнің көшірмесін ауданның уәкілетті органы береді.»;
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесіне 1-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышындағы «1» саны алынып тасталсын.

3

3. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті (Қ.А. Манабаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның кейінен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________ Ж. Досқалиев
2010 жылғы 27 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
__________ Ж. Түймебаев
2010 жылғы 28 қаңтар

Қолданыстағы