Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района Магжана Жумабаева от 26 февраля 2009 года № 33 "Об организации оплачиваемых общественных работ в районе Магжана Жумабаева"

Қаулы · № 299 · қабылданған 04.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2009-no-33/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района Магжана Жумабаева от 26 февраля 2009 года № 33 "Об организации оплачиваемых общественных работ в районе Магжана Жумабаева" Күшін жойған Қаулы ·№ 299 ·04.09.2009
07.07.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района Магжана Жумабаева от 26 февраля 2009 года № 33 "Об организации оплачиваемых общественных работ в районе Магжана Жумабаева"

Күшін жойған Қаулы ·№ 299 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района Магжана Жумабаева от 26 февраля 2009 года № 33 "Об организации оплачиваемых общественных работ в районе Магжана Жумабаева"
Атауы (қаз.)
Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы "Мағжан Жұмабаев ауданында ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
299
Қабылданған күні
04.09.2009
Көрсетілген редакция
07.07.2010 48074_200697.kaz
Соңғы өзгеріс
07.07.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SI000104
ЭКБ идентификаторы
48074
Редакция идентификаторы
48074_200697
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:27

0 Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы "Мағжан Жұмабаев ауданында ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 33 «Мағжан Жұмабаев ауданында ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 2009 жылғы 3 сәуір № 13-9-88 тіркелді, «Мағжан Жұлдызы» газетінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 20 және «Вести» газетінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 20 санында жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған аудан әкімдігі қаулысының «Қоғамдық жұмыс түрлері бойынша жұмыс түрлері, төлемақы мөлшері, мекеме мен ұйым тізімдері» қосымшасында:
1) 1 тармақта:
«Жұмыс орындары» тарауында «71» саны «74» санымен өзгертілсін;
«Қоғамдық жұмыс түрлері» тарауында «оның ішінде күл-қоқысты жинау жұмыстарын ұйымдастыру» сөздері «қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени бағыттағы маңызды нысандарды, сонымен қатар аудан әкімінің коммуналдық меншігінде тұрған бос ғимараттарды күзетуге құқық қорғау органдарына жәрдемдесу топтарына қатысу» сөздерімен толықтырылсын;
«Разряд (санат)» тарауында «G 14» санымен толықтырылсын;
«Коэффициент» тарауында «1,43» санымен толықтырылсын
2) 26 тармақта:
«Жұмыс орындары» тарауында «2» саны «3» санымен өзгертілсін;
«Қоғамдық жұмыс түрлері» тарауында «18 жасқа дейінгі балалары бар» сөздері «қарт адамдарды күту» сөздерімен толықтырылсын;
«Разряд (санат)» тарауында «G 13» санымен толықтырылсын;
«Коэффициент» тарауында «1,68» санымен толықтырылсын

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған мерзімнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы