Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 26 августа 2009 года № 365 «Об утверждении Правил эксплуатации и взаимодействия электронных информационных ресурсов и информационных систем, а также информационно-коммуникационных сетей государственных органов»

Бұйрық · № 991 · қабылданған 16.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2009-no-365/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 26 августа 2009 года № 365 «Об утверждении Правил эксплуатации и взаимодействия электронных информационных ресурсов и информационных систем, а также информационно-коммуникационных сетей государственных органов» Күшін жойған Бұйрық ·№ 991 ·16.10.2015
28.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 26 августа 2009 года № 365 «Об утверждении Правил эксплуатации и взаимодействия электронных информационных ресурсов и информационных систем, а также информационно-коммуникационных сетей государственных органов»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 991 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 26 августа 2009 года № 365 «Об утверждении Правил эксплуатации и взаимодействия электронных информационных ресурсов и информационных систем, а также информационно-коммуникационных сетей государственных органов»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
991
Қабылданған күні
16.10.2015
Көрсетілген редакция
28.01.2016 95374_74309.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012324
ЭКБ идентификаторы
95374
Редакция идентификаторы
95374_74309
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:01

0 «Мемлекеттік органдардың электрондық

ақпараттық ресурстары мен ақпараттық
жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-
коммуникациялық желілерін пайдалану
және олардың өзара іс-қимыл жасау
ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
және байланыс агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 26 тамыздағы № 365
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы», орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Жай-күйінің мониторингі мен бақылауын қамтамасыз ету үшін МО ақпараттық жүйелерінің, МО электрондық ақпараттық ресурстарының, сондай-ақ МО ақпараттық жүйелерімен, МО ақпараттық ресурстарымен өзара іс-қимылдағы мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерін иеленуші Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 200 бұйрығымен бекітілген Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6488 болып тіркелген) сәйкес жай-күйінің тұрақты аудитін жүргізеді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға есебін береді.»;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Қауіпсіз және сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін МО ақпараттық жүйесі немесе МО электрондық ақпараттық ресурсы, сондай-ақ МО ақпараттық жүйесімен немесе МО электрондық ақпараттық ресурсымен өзара
іс-қимыл жасайтын кез келген мемлекеттік емес ақпараттық жүйе немесе мемлекеттік емес ақпараттық ресурс «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттаудан өтеді және бағдарламалық өнімдердің сапасын бағалау саласындағы сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органмен сертификатталады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы