О внесении изменений в решение от 26 октября 2009 года № 4 «Құмсай ауылының көшесіне атау беру туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 26 октября 2009 года № 4 «Құмсай ауылының көшесіне атау беру туралы»
- Атауы (қаз.)
- «Құмсай ауылының көшесіне атау беру туралы» 2009 жылғы 26 қазандағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 29.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2016 109584_153915.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CCH05250
- ЭКБ идентификаторы
- 109584
- Редакция идентификаторы
- 109584_153915
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:32
0 «Құмсай ауылының көшесіне атау беру туралы» 2009 жылғы 26 қазандағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Алға ауданының Қарақобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қарақобда селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2009 жылғы 26 қазандағы № 4 «Құмсай ауылының көшесіне атау беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-3-94 болып тіркелген, 2009 жылдың 22 желтоқсанында «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне» деген сөздері алынып тасталынсын.