О внесении изменений в постановление от 26 января 2009 года № 579 "Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2009 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление от 26 января 2009 года № 579 "Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2009 году"
- Атауы (қаз.)
- "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 579 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 18.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2010 AI46260_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VC000076
- ЭКБ идентификаторы
- 46260
- Редакция идентификаторы
- AI46260_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:04
0 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 579 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын орындау үшін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31–бабының 1–тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібін жетілдіру, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың түрлі топтарына мемлекеттік кепілдіктер мен қолдау жүйесін кеңейту мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдіктің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 579 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 13 ақпанда 5-3-65 нөмірімен тіркелген, «Дидар» газетінде 2009 жылғы 21 ақпандағы 22 нөмірінде, «Рудный Алтай» газетінде 2009 жылғы 24 ақпандағы 25 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулының «Ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын қала кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің тізімі» бірінші қосымшасында:
24 тармақта «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны» жолында «Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың саны» бағанында «20» саны «25» санына ауыстырылсын;
«Барлығы» жолында «Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатындардың саны» бағанында «140» саны «145» санына ауыстырылсын.