О внесении дополнений в постановление от 26 января 2009 года № 579 "Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2009 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление от 26 января 2009 года № 579 "Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2009 году"
- Атауы (қаз.)
- "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 579 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 15.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2010 AI46682_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VC000078
- ЭКБ идентификаторы
- 46682
- Редакция идентификаторы
- AI46682_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:56
0 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 579 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5, 7-баптарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31–бабы 1–тармағы 13)–тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, "Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізімі туралы" Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 75 қаулысына байланысты халықты жұмыспен қамту саласындағы қосымша мемлекеттік кепілдермен қамтамасыз ету мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 579 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 1 қаулысымен енгізілген өзгерістермен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 03 маусымда 5-3-76 нөмірімен тіркелген, "Дидар" газетінің 2009 жылғы 08 маусымдағы 85-86 нөмірлерінде, "Рудный Алтай" газетінің 2009 жылғы 09 маусымдағы 87 нөмірінде жарияланған) "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 579 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулының 2-қосымшасы "Халықтың нысаналы топтарының құрамы" келесі мазмұндағы 12-18 тармақтармен толықтырылсын:
"12. Мектеп және кәсіби оқу орындарының түлектері.
13. Өндірістің ұйымдастырылуының өзгеруіне байланысты, соның ішінде жұмыс көлемі қайта ұйымдастырылған және (немесе) қысқартылған кезде толық емес жұмыс тәртібінде жұмыспен қамтылғандар.
14. Еңбек ақысы сақталмайтын демалыстардағы тұлғалар.
15. Жазғы демалыс уақытындағы студенттер мен мектеп оқушылары.
16. 50 жастан асқан әйелдер.
17. 55 жастан асқан ерлер.
18. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан арттық)".