Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 марта 2009 года № 773 "О некоторых вопросах Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар"

Жарлық · № 863 · қабылданған 25.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2009-no-773/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 марта 2009 года № 773 "О некоторых вопросах Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар" Күшін жойған Жарлық ·№ 863 ·25.07.2014
18.09.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 марта 2009 года № 773 "О некоторых вопросах Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар"

Күшін жойған Жарлық ·№ 863 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 марта 2009 года № 773 "О некоторых вопросах Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
863
Қабылданған күні
25.07.2014
Көрсетілген редакция
18.09.2019 81712_421927.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1400000863
ЭКБ идентификаторы
81712
Редакция идентификаторы
81712_421927
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:01

0 "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау кызметі туралы ережеде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Сырбар» қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, нақты және шартты атаулары, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Сырбар» қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартты атауларымен өкілдік етеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. «Сырбар» қызметінің іс-қимылын қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. «Сырбар» қызметінің миссиясы:
барлау ақпаратына қол жеткізу, өңдеу және пайдалану жөнінде барлау қызметін жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдесу және қатысу.»;
15-тармақта:
(өте құпия);
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге қатысу;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) «Сырбар» қызметі директорының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы барлау және өзге де жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілетін материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдану;»;
16-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару, арнайы құралдар мен дене күшін қолдану;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды, арнаулы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтамасыз етуді, қару-жарақты және жарақтануды әзірлеу, сатып алу, жасау (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда), іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және меншік нысанына қарамастан ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басқа да күштерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу. «Сырбар» қызметінің Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалады, ал меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының ұйымдарымен - келісімде белгіленеді;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) өзінің қызметкерлерінің және «Сырбар» қызметіне жасырын көмек көрсететін адамдардың жеке басын, бөлімшелердің, объектілердің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін бүркемелеу мақсатында, дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібін «Сырбар» қызметі директоры айқындайтын басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін дайындау және ресімдеу;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) осы тармақтың 14) тармақшасында көзделген мақсатта мемлекеттік органдарға және меншік нысандарына қарамастан ұйымдарға құжаттардың және қызметтік куәліктердің бланкілерін, оларды толтыру үлгілерін «Сырбар» қызметіне беру туралы орындалуға міндетті сұрау салулар жолдау;»;
20-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Сырбар» қызметінің департаменттері мен оларға теңестірілген бөлімшелерінің бастықтарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) «Сырбар» қызметі басқармаларының бастықтарын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;»;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) белгіленген тәртіппен «Сырбар» қызметінің бөлімшелерін орналастыру (қайта орналастыру) туралы шешім қабылдайды;»;
(өте құпия);
(ете құпия);
(өте құпия);

2 2) (өте құпия).

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы