О внесении изменении в постановление районного акимата от 26 мая 2009 года № 84 "О дополнительных мерах по оказанию помощи в обеспечении занятости населения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в постановление районного акимата от 26 мая 2009 года № 84 "О дополнительных мерах по оказанию помощи в обеспечении занятости населения"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 14.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2012 AI57775_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11MC000113
- ЭКБ идентификаторы
- 57775
- Редакция идентификаторы
- AI57775_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:10
0 Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
1
1. Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы» (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11-3-77, «Рауан» газетінің 2009 жылғы 4 маусымындағы № 23 санында ресми жарияланған, аудандық әкімдіктің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11-3-97, «Рауан» газетінің 2010 жылғы 18 ақпанындағы № 7 санында ресми жарияланған 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 18 «Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Жастар іс - тәжірибесін» қаржыландыру 002 «Еңбекпен қамту» бағдарламасы және 022 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы есебінен жүргізіледі. Уәкілетті орган «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушыларға нақты жұмыс атқарған уақыты үшін 26000 (жиырма алты мың) теңге көлемінде жалақысын ай сайын олардың есеп шотына аударады»;
қаулының қосымшасымен бекітілген Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінде:
11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылған адамдардың еңбегіне ақы төлеу 002 «Еңбекпен қамту» бағдарламасы және 022 ««Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы есебінен қаржыландырылады».
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
А.Ұлұқбанов
Ү.Әмірханова
Қ.Бөлтеков
М.Көбеген
Қ.Жарасбаева
дайынд.:Б.Өмірбеков