Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в совместное постановление и решение Хромтауского районного акимата и маслихата от 26 июля 2010 года № 150/196 «О переименовании улицы города Хромтау»

Қаулы · № 255 · қабылданған 28.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2010-no-150196/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в совместное постановление и решение Хромтауского районного акимата и маслихата от 26 июля 2010 года № 150/196 «О переименовании улицы города Хромтау» Қолданыста Қаулы ·№ 255 ·28.11.2018
28.11.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в совместное постановление и решение Хромтауского районного акимата и маслихата от 26 июля 2010 года № 150/196 «О переименовании улицы города Хромтау»

Қолданыста Қаулы ·№ 255 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в совместное постановление и решение Хромтауского районного акимата и маслихата от 26 июля 2010 года № 150/196 «О переименовании улицы города Хромтау»
Атауы (қаз.)
Хромтау аудандық әкімдігінің және мәслихаттың 2010 жылғы 26 шілдедегі № 150/196 «Хромтау қаласының көшесін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
255
Қабылданған күні
28.11.2018
Көрсетілген редакция
28.11.2018 127656_382175.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CL000193
ЭКБ идентификаторы
127656
Редакция идентификаторы
127656_382175
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:24

0 Хромтау аудандық әкімдігінің және мәслихаттың 2010 жылғы 26 шілдедегі № 150/196 «Хромтау қаласының көшесін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Хромтау аудандық әкімдігінің және мәслихаттың 2010 жылғы 26 шілдедегі № 150/196 «Хромтау қаласының көшесін қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-122 болып тіркелген, 2010 жылдың 12 тамызында аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулысының және шешімінің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына және 2010 жылғы 20 шілдедегі Хромтау аудандық ономастикалық комиссиясының шешіміне сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

2 2. «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен қаулыны және шешімді Хромтау аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен қаулыны және шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бірлескен қаулыны және шешімді Хромтау аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен қаулысы және мәслихататының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы