Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в решение Акжаикского районного маслихата от 26 февраля 2010 года № 19-4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Өзге акт · № 4-5 · қабылданған 22.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2010-no-19-4-ekb-67069/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменении в решение Акжаикского районного маслихата от 26 февраля 2010 года № 19-4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-5 ·22.06.2012
22.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении в решение Акжаикского районного маслихата от 26 февраля 2010 года № 19-4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-5 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в решение Акжаикского районного маслихата от 26 февраля 2010 года № 19-4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Акжайық аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № 19-4 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-5
Қабылданған күні
22.06.2012
Көрсетілген редакция
22.06.2012 67069_180817.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZB000136
ЭКБ идентификаторы
67069
Редакция идентификаторы
67069_180817
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:58

0 Акжайық аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № 19-4 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Ақжайық аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ақжайық аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 26 ақпандағы № 19-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-2-87 тіркелген, 2010 жылғы 25 наурыздағы "Жайық таңы" газетінде № 13 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ақжайық ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек – 50 000 теңге;
соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтарындың қайталап некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 5 000 теңге;
1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 3 000 теңге;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасыларына – 10 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға - 5 000 теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне – 10 000 теңге;
Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге және Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 10 000 теңге;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға – 10 000 теңге;
Чернобыль атом электростанциясы апатының салдарынан мүгедек болған адамдарға – 10 000 теңге;
Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасыларына – 10 000;
2) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық, психоневрологиялық ауруымен ауратын азаматтарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалардың емделуі үшін -10 000 теңге;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған туберкулез ауруымен ауратын азаматтарға – 15 000 теңге;
4) аз қамтылған азаматтарға, дәрігерлік - кеңестік комиссия қорытындысының және дәрігердің жолдамасы негізінде ауданнан тысқары жерлерде емделуге баратын азаматтарға - 30 000 теңге;
5) облыс орталығындағы гемодиализ аппаратына мұқтаж бірінші топтағы мүгедектерге - 50 000теңге;
6) аз қамтылған азаматтың жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға - 10 000 теңге;
7) өрттен, су тасқыны, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы апатқа ұшыраған азаматтарға (отбасыларға) – 10 000 теңге;
8) аз қамтылған күнкөріс деңгейінен төмен орта жанды кірісі бар отбасыларға (азаматтарға) – 10 000 теңге;
9) соғысқа қатысушылары мен мүгедектерiнің және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соларға теңестiрiлген адамдардың, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарға, санаторлық курорттық емделудi ұсыну.".

2 2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы