О внесении изменений в постановление акимата от 26 ноября 2010 года № 2395 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 26 ноября 2010 года № 2395 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1206
- Қабылданған күні
- 04.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2016 66480_239059.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NA000192
- ЭКБ идентификаторы
- 66480
- Редакция идентификаторы
- 66480_239059
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:07
0 Әкімдіктің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-158 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтардағы "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жұмыс орындардың жалпы санының бес пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;".
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалары
бөлімі" мемлекеттік мекеме бастығының
міндетін атқарушы
_____________________ Б. Шаяхметов