О внесении изменений в решение акима Богетсайского сельского округа от 26 февраля 2010 года № 3 «О присвоении названия улице в селе Богетсай, Богетсайского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Богетсайского сельского округа от 26 февраля 2010 года № 3 «О присвоении названия улице в селе Богетсай, Богетсайского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 3 «Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылындағы көшеге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 59
- Қабылданған күні
- 25.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2020 150747_501394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CLE07847
- ЭКБ идентификаторы
- 150747
- Редакция идентификаторы
- 150747_501394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:32
0 Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 3 «Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылындағы көшеге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Бөгетсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 3 «Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылындағы көшеге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-116 тіркелген, 2010 жылы 26 наурызда аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы»;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бөгетсай ауылындағы атауы жоқ көшеге Тахау Байсадақов атауы берілсін».