О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 26 ноября 2010 года № 326 "Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категорий граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 26 ноября 2010 года № 326 "Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категорий граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 03.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2016 67507_86655.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12S0001817
- ЭКБ идентификаторы
- 67507
- Редакция идентификаторы
- 67507_86655
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:39
0 "Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы N 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 326 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1764 тіркелді, 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 156 «Солтүстік Қазақстан», 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 156 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына мынадай квота белгіленсін:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.».