«О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 октября 2010 года № 477 «Об утверждении Правил нанесения государственных, регистрационных опознавательных и дополнительных знаков на гражданские и экспериментальные воздушные суда»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 октября 2010 года № 477 «Об утверждении Правил нанесения государственных, регистрационных опознавательных и дополнительных знаков на гражданские и экспериментальные воздушные суда»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 511
- Қабылданған күні
- 16.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2019 133346_414774.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019058
- ЭКБ идентификаторы
- 133346
- Редакция идентификаторы
- 133346_414774
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:09
0
«Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6649 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 339-340 (26400-26401) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, ұшуға жіберілген азаматтық әуе кемелерінде ұшуларды орындау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген осы Ереженің талаптарына сәйкес мемлекеттік және тіркелетін танылым белгілерін салғаннан кейін жүргізіледі.
Тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұшу сынақтарын орындауға арналған эксперименттік әуе кемелеріне артықшылық беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Сынақтарды қоспағанда, мемлекеттік және тіркелетін танылым белгісінсіз, сондай-ақ бекітілмеген бояумен ұшу жүргізілмейді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;