О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 октября 2010 года № 477 "Об утверждении Правил нанесения государственных, регистрационных опознавательных и дополнительных знаков на гражданские и экспериментальные воздушные суда"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 октября 2010 года № 477 "Об утверждении Правил нанесения государственных, регистрационных опознавательных и дополнительных знаков на гражданские и экспериментальные воздушные суда"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 801
- Қабылданған күні
- 11.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2013 AI76746_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008906
- ЭКБ идентификаторы
- 76746
- Редакция идентификаторы
- AI76746_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:06
0 "Мемлекеттік, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттiк, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттiк әуе кемелерiне салу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6649 болып тіркелген «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 16 наурыздағы № 90-93 (26495) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу қағидаларына:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Азаматтық әуе кемелерінде қосымша келесі белгiлер енгiзiледi:
1) пайдаланушы (авиакомпания) атауының жазылуы фюзеляждың бетiне екi жағынан;
2) пайдаланушының (авиакомпания) эмблемасы тiк жазықтық арттағы қанаттануының екi жағынан;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Жалауының бейнесi мөлшерi мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерiнiң мөлшерлерiне сәйкес фюзеляждың тұмсық бөлiгiнiң екi жағынан;
4) әуе кемесiнiң түрiн көрсету фюзеляждың екi жағынан, тiк шрифтпен, фонға қанық;
Дайындаушы зауыт енгiзген әуе кемесiнiң түрi деген белгiнi сақтау ұсынылады.»;
17-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Мемлекеттік органдардың Интранет порталында орналастырылуын;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.