О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 октября 2010 года № 477 «Об утверждении Правил нанесения государственных, регистрационных опознавательных и дополнительных знаков на гражданские и экспериментальные воздушные суда»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 октября 2010 года № 477 «Об утверждении Правил нанесения государственных, регистрационных опознавательных и дополнительных знаков на гражданские и экспериментальные воздушные суда»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 345
- Қабылданған күні
- 28.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2024 202091_725934.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035298
- ЭКБ идентификаторы
- 202091
- Редакция идентификаторы
- 202091_725934
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:02
0 «Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6649 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген барлық әуе кемелеріне мына:
1) тану белгілері енгізіледі:
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тану белгі азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) берген UР - латын алфавитінің екі бас әріпі түріндегі белгісі;
ою-өрнек белгілері жоқ латын алфавитінің бас әріптері қисынынан және араб цифрынан тұратын әуе кемесінің тіркеу тану белгісі.
Тіркеу тану белгісінде Q әрпінен басталатын халықаралық сигнал кодының бес әріптік комбинациясы үшін қабылданатын әріптер комбинациясы Q-кодта пайдаланылатын үш әріптік комбинация, сондай-ақ SOS апат сигналы немесе ұқсас шұғыл сигналдар үшін қабылданатын комбинациялар қолданылмайды;
2) қосымша белгілері.
Бір мезгілде басқа елдердің мемлекеттік белгісін енгізуге болмайды.»;
16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мөлшерi мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерiнiң мөлшерлерiне сәйкес, фюзеляждың тұмсық бөлiгiнiң екi жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының бейнесi.
Әуе кемесіне Мемлекеттік Тудың бейнесін салу кезінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен бекітілген бейнеге сәйкес рәміздер элементтерінің бейнесі мен орналастырылуы сақталады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі