О внесении изменений в решение акима села Мугалжар от 26 апреля 2010 года № 6 «Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима села Мугалжар от 26 апреля 2010 года № 6 «Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы»
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар ауылының әкімінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 6 «Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 13.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2019 129173_390216.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CIM00241
- ЭКБ идентификаторы
- 129173
- Редакция идентификаторы
- 129173_390216
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:07
0 Мұғалжар ауылының әкімінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 6 «Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды,олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 6 «Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-125 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 маусымда «Мұғалжар» газетінде жарияланған) қазақ тіліндегі шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Мұғалжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».