О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 февраля 2010 года № 90 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств и Правил приема экзаменов и выдачи удостоверений на право управления отдельными видами транспортных средств"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 февраля 2010 года № 90 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств и Правил приема экзаменов и выдачи удостоверений на право управления отдельными видами транспортных средств"
- Атауы (қаз.)
- "Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 371
- Қабылданған күні
- 04.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2015 AI73076_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008511
- ЭКБ идентификаторы
- 73076
- Редакция идентификаторы
- AI73076_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:59
0
"Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2010 жылғы сәуір, № 4) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды емтиханға жіберу және оларға жүргізуші куәліктерін беру және оларды көлік құралдарын басқаруға жіберу тәртібін белгілейді.»;
1-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көлік құралдарының жекелеген
түрлерін басқару құқығына
емтихандарға адамдарды жіберу
және куәліктер беру ережесіне
1-қосымша
»;
2-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көлік құралдарының жекелеген
түрлерін басқару құқығына
емтихандарға адамдарды жіберу
және куәліктер беру ережесіне
2-қосымша
»;
3-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көлік құралдарының жекелеген
түрлерін басқару құқығына
емтихандарға адамдарды жіберу
және куәліктер беру ережесіне
3-қосымша
»;
4-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көлік құралдарының жекелеген
түрлерін басқару құқығына
емтихандарға адамдарды жіберу
және куәліктер беру ережесіне
4-қосымша
»;
5-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көлік құралдарының жекелеген
түрлерін басқару құқығына
емтихандарға адамдарды жіберу
және куәліктер беру ережесіне
5-қосымша
»;
6-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көлік құралдарының жекелеген
түрлерін басқару құқығына
емтихандарға адамдарды жіберу
және куәліктер беру ережесіне
6-қосымша
»;
7-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көлік құралдарының жекелеген
түрлерін басқару құқығына
емтихандарға адамдарды жіберу
және куәліктер беру ережесіне
7-қосымша
»;
8-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көлік құралдарының жекелеген
түрлерін басқару құқығына
емтихандарға адамдарды жіберу
және куәліктер беру ережесіне
8-қосымша
»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Емтихандар қабылдауды, азаматтарға жүргізуші куәліктерін және «А», «В», «С», «Д», «E» санатындағы көлік құралдарын, сондай-ақ трамвайларды, троллейбустарды басқаруға жүргізушілерге рұқсаттар беруді Қазақстан Республикасы ІІМ жол полициясының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырады.»;
5-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«емтихан комиссиясы – көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау бағдарламалары бойынша көлік құралын басқару құқығын алу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесін (бұдан әрі – ЖҚЕ) білуіне емтихандарды ұйымдастыру және өткізу үшін аумақтық ішкі істер органының бұйрығымен бекітілген комиссия.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «А», «В», «С», «Д», «E» санатындағы көлік құралдарын, трамвайларды, троллейбустарды басқару құқығын алуға ниет білдірген, оқу ұйымдарында толық даярлық курсынан, ал оқу басталғанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) сәйкес № 083/е нысан бойынша анықтама (бұдан әрі – 083-у нысаны бойынша медициналық анықтама) ұсына отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5898 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өткен адамдар;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдарға басқару құқығы теориялық және практикалық емтихандар тапсырғаннан кейін қайта қалпына келтіріледі. Бұл ретте практикалық емтихан жүргізуші басқару құқығынан айырылған көлік санатынан жоғары көлік құралында қабылданады.»;
19-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 083-у нысаны бойынша медициналық анықтама;»;
19-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тұрақты немесе уақытша тұрғылықты орны бойынша тіркелгенін растайтын құжатты».