О внесении изменений в постановление акимата Байганинского района от 26 апреля 2011 года № 102 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц определенных категорий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Байганинского района от 26 апреля 2011 года № 102 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц определенных категорий"
- Атауы (қаз.)
- Байғанин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 102 "Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 243
- Қабылданған күні
- 05.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2014 84452_155218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CD004076
- ЭКБ идентификаторы
- 84452
- Редакция идентификаторы
- 84452_155218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:03
0 Байғанин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 102 "Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 102 «Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-114 тіркелген, 2011 жылғы 26 мамырда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тіркелген мекен-жайына қарай жұмысқа орналастыруға ықпал ету, ауылдық округ әкімдеріне жүктелсін»;
көрсетілген қаулының 3 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.»