О внесении изменений в постановление акимата от 26 мая 2011 года № 145 "Об установлении квот рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 26 мая 2011 года № 145 "Об установлении квот рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 145 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 14.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2016 65934_118014.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NS000178
- ЭКБ идентификаторы
- 65934
- Редакция идентификаторы
- 65934_118014
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:15
0 Әкімдіктің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 145 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 145 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-157 тіркелген, 2011 жылы 16 маусымда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жұмыс орындардың жалпы санының үш пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;".
2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен қату
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Г. Асқарова