Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года № 1598 «О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия «Хозяйственное управление Министерства иностранных дел Республики Казахстан»

Қаулы · № 264 · қабылданған 24.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2011-no-1598/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года № 1598 «О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия «Хозяйственное управление Министерства иностранных дел Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 264 ·24.04.2025
24.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года № 1598 «О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия «Хозяйственное управление Министерства иностранных дел Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 264 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года № 1598 «О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия «Хозяйственное управление Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
264
Қабылданған күні
24.04.2025
Көрсетілген редакция
24.04.2025 209481_758970.kaz
Соңғы өзгеріс
24.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000264
ЭКБ идентификаторы
209481
Редакция идентификаторы
209481_758970
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:54

0 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Кәсіпорын дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсету жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға болып белгіленсін.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген функцияларды іске асыруға жәрдемдесетін саладағы қызметтерді, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсетуді жүзеге асыру:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, өзге де мемлекеттік органдардың және шет мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қабылдауларына және басқа да протоколдық іс-шараларына қызмет көрсету;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің ғимараттарына (үй-жайларға) кешенді қызмет көрсету және оларды жөндеу, оның ішінде автокөлікке қызмет көрсету үшін оларға ғимараттарды жалға беру, бағдарламалық-ақпараттық және автокөліктік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау, іс-шараларға қызмет көрсету және оларды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық және ілеспе әрекеттер, аударма қызметтерін көрсету болып белгіленсін.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы