О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 сентября 2011 года № 321 «Об утверждении Правил предоставления в органы юстиции перечней принятых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, постановлений центральных государственных органов, Центральной избирательной комиссии, решений маслихатов, а также постановлений акиматов и решений акимов за прошедший квартал и их изучения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 сентября 2011 года № 321 «Об утверждении Правил предоставления в органы юстиции перечней принятых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, постановлений центральных государственных органов, Центральной избирательной комиссии, решений маслихатов, а также постановлений акиматов и решений акимов за прошедший квартал и их изучения»
- Атауы (қаз.)
- «Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 321 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 398
- Қабылданған күні
- 16.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2016 92402_119682.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011703
- ЭКБ идентификаторы
- 92402
- Редакция идентификаторы
- 92402_119682
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:06
0
«Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 321 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысының 16-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7231 тіркелген, 2011 жылы 2 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесін бекіту туралы»;
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесі»;
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсынудың осы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг жүргізу ережесіне сәйкес әзірленді.»;
4 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдар) қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің (бұдан әрі – жергілікті мемлекеттік органдар) тізбесін әділет органдарының зерделеуі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеусіз қолдануға жол бермеу мақсатында жүргізіледі.»;
5 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті органдар Тізбелерді осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай мынадай тәртіппен ұсынады:
орталық мемлекеттік органдар және олардың ведомстволары - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
жергілікті мемлекеттік органдар – аумақтық әділет органдарына.»;
10 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Әділет органдары бұзушылықтар анықталған жағдайда әділет органдарына «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 457, 462 баптарымен, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 14, және 24 баптарымен ұсынылған өкілеттіктерді ескере отырып, тиісті ықпал ету шараларын қабылдайды.»;
қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесіне қосымша».