Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Аккольского районного маслихата от 26 сентября 2011 года № С 43-3 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аккольском районе"

Ереже · № С 4-3 · қабылданған 23.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2011-no-43-3-ekb-65720/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Аккольского районного маслихата от 26 сентября 2011 года № С 43-3 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аккольском районе" Күшін жойған Ереже ·№ С 4-3 ·23.04.2012
25.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Аккольского районного маслихата от 26 сентября 2011 года № С 43-3 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аккольском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ С 4-3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Аккольского районного маслихата от 26 сентября 2011 года № С 43-3 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аккольском районе"
Атауы (қаз.)
Ақкөл аудандық маслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 "Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С 4-3
Қабылданған күні
23.04.2012
Көрсетілген редакция
25.02.2015 AI65720_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12BC000182
ЭКБ идентификаторы
65720
Редакция идентификаторы
AI65720_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:23

0 Ақкөл аудандық маслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 "Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 «Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-3-163 тіркелген, 2011 жылғы 4 қарашада аудандық «Ақкөл өмірі», «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелеріне:
6 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3) тұрғылықты тұру орны бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекен жай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімінің анықтамасы);»;
8 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«8. Ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындылары бойынша атқарушы орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде тұрғын үйді тағайындалғаны немесе бас тартқандығы туралы шешім қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.
Тұрғын үй көмегінің тағайындалғаны (тағайындаудан бас тартқандығы) туралы хабарламаларды тұтынушының жеке өзі атқарушы органға келгенде немесе пошталық хабарлама арқылы беріліп, жүзеге асырылады.»;
10 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«10. Өтініш беруші толымсыз, сенімсіз мәліметтерді ұсынған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды, ал заңсыз түрде алынған қаражаттар бюджетке өтелуге жатады. Өзгерістер болған жағдайда (отбасы құрамы,үй меншігі түрінде) өтініш беруші өзгерістер болған күннен бастап өкілетті органды күнтізбелік он күннің ішінде ақпараттандыруы тиіс.
Уәкілетті орган, егер телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысы және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтыну отбасының шығыстары шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса, мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады.»;
14 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«14. Тұрғын үй көмегін алуға үміттенетін отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген, тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасының негізінде, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсаны үшін тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге уәкілетті органмен есептелінеді.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі А.С.Үйсімбаев

Қолданыстағы