Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в решение Кербулакского районного маслихата от 26 марта 2012 года N 04-23 "О назначении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организации здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района"

Өзге акт · № 11-72 · қабылданған 09.11.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2012-n-04-23/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменении в решение Кербулакского районного маслихата от 26 марта 2012 года N 04-23 "О назначении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организации здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района" Қолданыста Өзге акт ·№ 11-72 ·09.11.2012
10.02.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении в решение Кербулакского районного маслихата от 26 марта 2012 года N 04-23 "О назначении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организации здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района"

Қолданыста Өзге акт ·№ 11-72 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в решение Кербулакского районного маслихата от 26 марта 2012 года N 04-23 "О назначении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организации здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района"
Атауы (қаз.)
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы N 04-23 "Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-72
Қабылданған күні
09.11.2012
Көрсетілген редакция
10.02.2014 AI68951_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DM002206
ЭКБ идентификаторы
68951
Редакция идентификаторы
AI68951_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:55

0

Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы N 04-23 "Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы "Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" N 04-23 шешіміне (2012 жылдың 25 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2-13-157 енгізілген, 2012 жылдың 4 мамырындағы аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің N 18 (3611) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
"Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы".
Бірінші тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде берілсін".

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімінің бірінші орынбасары Б. Исабековке жүктелсін.

3 3. Осы шешіммен енгізілген өзгерістер әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2013 жылдың 01 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

КЕЛIСIЛДI:
"Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Диханбаева Айгүл Тұрдахынқызы
09 қараша 2012 жыл

Қолданыстағы