Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 26 сентября 2012 года N 11-8 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 28-3 · қабылданған 23.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2012-n-11-8/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 26 сентября 2012 года N 11-8 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 28-3 ·23.01.2014
05.07.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 26 сентября 2012 года N 11-8 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 28-3 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 26 сентября 2012 года N 11-8 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 11-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28-3
Қабылданған күні
23.01.2014
Көрсетілген редакция
05.07.2017 77384_208836.kaz
Соңғы өзгеріс
05.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G14LF04593M
ЭКБ идентификаторы
77384
Редакция идентификаторы
77384_208836
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:04

0 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 11-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 2-бабының 7) тармақшасына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы N 1316 Қаулысының 2-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 11-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4328 болып тіркелген, 2012 жылғы 03 қарашада "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
1-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

3 "3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге берiледi.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.";
1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

2 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

2

"2. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

4 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

4

"4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.".

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

Қолданыстағы