О внесении изменений в постановление акимата района от 26 июня 2012 года № 466 "Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых аппаратами акимов сельских (аульных) округов и города Тайынши Тайыншинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района от 26 июня 2012 года № 466 "Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых аппаратами акимов сельских (аульных) округов и города Тайынши Тайыншинского района"
- Атауы (қаз.)
- "Тайынша ауданы Тайынша қаласы, селолық (ауылдық) округтер әкiмдерi аппараттарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 708
- Қабылданған күні
- 28.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2013 68294_217737.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SK001919
- ЭКБ идентификаторы
- 68294
- Редакция идентификаторы
- 68294_217737
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:14
0 "Тайынша ауданы Тайынша қаласы, селолық (ауылдық) округтер әкiмдерi аппараттарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 466 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тайынша ауданы Тайынша қаласы, селолық (ауылдық) округтер әкiмдерi аппараттарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 466 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 13-11-238 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Тайынша таңы» № 44 және 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Тайыншинские вести» № 44 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабының 2-тармағы 20) тармақшасы, 10-1-бабының 12) тармақшасы және 35-бабы 2-тармағы;»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет регламентін күші жойылды деп танылсын.