О внесении изменений в решение Сарысуского районного маслихата от 26 сентября 2012 года № 9-5 «Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан для назначения и выплаты социальной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сарысуского районного маслихата от 26 сентября 2012 года № 9-5 «Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан для назначения и выплаты социальной помощи»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13-6
- Қабылданған күні
- 29.03.2013
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2014 72230_209412.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13GI001928
- ЭКБ идентификаторы
- 72230
- Редакция идентификаторы
- 72230_209412
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:23
0 «Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1
1. «Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-5 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1831 болып тіркелген, 2012 жылдың 24 қазандағы № 90-91 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген қосымшадағы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары:
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер және 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектігі бар балалар».
2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Көкебаев Бахыт Керімбайұлына жүктелсін.