О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 26 марта 2013 года № 1/226 "Об утверждении регламентов электронных государственных услуг в области охраны окружающей среды, оказываемых в городе Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 26 марта 2013 года № 1/226 "Об утверждении регламентов электронных государственных услуг в области охраны окружающей среды, оказываемых в городе Алматы"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2013 жылғы 26 наурыздағы № 1/226 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/1047
- Қабылданған күні
- 05.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2014 76161_137576.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13R0001017
- ЭКБ идентификаторы
- 76161
- Редакция идентификаторы
- 76161_137576
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:42
0 Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2013 жылғы 26 наурыздағы № 1/226 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2013 жылғы 26 наурыздағы № 1/226 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 974 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспесіндегі:
«2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» сөздері «2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінің:
4 тармағындағы:
«және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын;
аталған қаулымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінің:
2 тармағындағы:
«және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Енгізуші:
Алматы қаласы Табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы
А. Рахимбетов
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары
Е. Шорманов
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
сапасының сақталуын бақылау
бөлімінің басшысы
М. Сүйіндіков
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы
А. Қасымова