О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 26 июня 2013 года № 14/125-V "Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городах и других населенных пунктах Южно-Казахстанской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 26 июня 2013 года № 14/125-V "Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городах и других населенных пунктах Южно-Казахстанской области"
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V "Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/202-V
- Қабылданған күні
- 28.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2020 79464_492077.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14U0002651
- ЭКБ идентификаторы
- 79464
- Редакция идентификаторы
- 79464_492077
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:19
0 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V "Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларын бекіту туралы"
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларын бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2351-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 10 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы»;
шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидалары»;
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.»;
8 және 9 тармақтар алынып тасталсын.