О внесении изменений и дополнения в решение Сырымского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 16-8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Сырымского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 16-8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района»
- Атауы (қаз.)
- Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47-4
- Қабылданған күні
- 29.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2020 136853_455438.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZJ005884
- ЭКБ идентификаторы
- 136853
- Редакция идентификаторы
- 136853_455438
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:35
0 Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8
«Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпанда «Сырым елі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай туберкулез ауруымен ауыратын есепте тұрған ауруларға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай тоқсан сайын 5 АЕК мөлшерінде.»;
9- тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатерлі ісік ауруымен онкологиялық есепте тұрған ауруларға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;»;
3-қосымшасында:
реттік нөмірі 2-жолдағы 4) тармақшадағы «30 000» деген сандар «50 000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы 1) тармақшадағы «30 000» деген сандар «50 000» деген сандармен ауыстырылсын.
2 2. Сырым аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту: аббревиатуралардың шешуі:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.