Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 17/2 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Сандыктауском районе"

Ереже · № 23/7 · қабылданған 10.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2013-no-172/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 17/2 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Сандыктауском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 23/7 ·10.04.2014
10.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 17/2 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Сандыктауском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 23/7 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 17/2 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Сандыктауском районе"
Атауы (қаз.)
Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 17/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23/7
Қабылданған күні
10.04.2014
Көрсетілген редакция
10.04.2014 79726_107491.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BP004153
ЭКБ идентификаторы
79726
Редакция идентификаторы
79726_107491
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:08

0 Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 17/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 тамыздағы № 17/2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3808 тіркелген, «Сандыктауские вести» аудандық газетінде 2013 жылдың 04 қазанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған шешіммен бекітілген, Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1 тармағының бесінші азат жолы алынып тасталсын;

2 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

2 «2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
10 тармақта:

3 3) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:

3 «3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;»;

6 6) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:

6 «6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерлері туралы шоттар;».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Сандықтау ауданының әкімі
Е.Сағдиев

Қолданыстағы