О внесении изменений в решение Зеленовского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 20-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Зеленовского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Зеленовского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 20-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Зеленовского района"
- Атауы (қаз.)
- Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 20-3 "Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-2
- Қабылданған күні
- 29.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2020 79509_448767.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ZG003514
- ЭКБ идентификаторы
- 79509
- Редакция идентификаторы
- 79509_448767
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:50
0 Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 20-3 "Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Зеленов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 20-3 "Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3418 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтарда "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК), жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға 2000 теңге мөлшерінде, соның ішінде қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға және екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5 АЕК мөлшерінде.";
9-тармақтың 1) тармақшасындағы "айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздер "АЕК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.