О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июля 2013 года № 201 «Об утверждении Правил ведения учета пенсионных накоплений за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и добровольных пенсионных взносов на индивидуальных пенсионных счетах вкладчиков (получателей)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июля 2013 года № 201 «Об утверждении Правил ведения учета пенсионных накоплений за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и добровольных пенсионных взносов на индивидуальных пенсионных счетах вкладчиков (получателей)
- Атауы (қаз.)
- «Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 269
- Қабылданған күні
- 31.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2021 138362_512748.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019872
- ЭКБ идентификаторы
- 138362
- Редакция идентификаторы
- 138362_512748
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:44
0
«Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 2014 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда «Заң газеті» газетінде № 148 (2349) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының талап етілмеген сомаларына жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ, сондай-ақ тегінде, атында, әкесінің атында және туған күнінде дұрыс деректемелер көрсетілмеген БЖЗҚ-дағы сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы сомалар жатқызылады.
БЖЗҚ осы Қағидалардың 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіруді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) деректемелерін салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі деректемелерімен фонетикалық іздеу (айтылуы бойынша ұқсас), сондай-ақ тектерін, аттарын және әкелерінің аттарын қазақ және орыс тілдерінде жазған кезде транслитерация белгісін ескере отырып, салыстырып тексеру жүргізіледі;
2) салымшылардың (алушылардың) деректемелерін (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні) деректемелерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізіледі.
Қате деректемелері бар салымшылар (алушылар) сәйкестендірілген жағдайда, БЖЗҚ оларды «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына сәйкес келтіреді.».
2 2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және
3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.