О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 26 марта 2013 года № А-2/123 "Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2013 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 26 марта 2013 года № А-2/123 "Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2013 год"
- Атауы (қаз.)
- "2013 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № А-2/123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-4/217
- Қабылданған күні
- 27.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2014 73079_170066.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13B0003760
- ЭКБ идентификаторы
- 73079
- Редакция идентификаторы
- 73079_170066
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:02
0 "2013 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын
белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы
№ А-2/123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2013 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № А-2/123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3699 болып тіркелген, «Арқа Ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2013 жылғы 13 сәуірде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.
3 3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
4 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
Ақмола облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 мамырдағы
№ А-4/217 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2013 жылғы 26 наурыздағы
№ А-2/123 қаулысына
2-қосымша
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
р/с №
Басым дақылдардың атауы
1 гектарға субсидиялар нормалары, теңге
1
дәнділер (бидай) базалық нормасы бойынша
200
2
дәнділер (арпа, сұлы) базалық норма бойынша
600
3
бұршақ дәнділер (қарақұмық, ноқат, бұршақ, жасымық) базалық норма бойынша
600
4
құрылымында ғылым ұсынған сүрі жер үлесімен және (немесе) нөлдік технологияны (no-till) қолданумен ауыспалы егістен тұратын, осы дақылдарды аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды қолдана отырып өсірген кезде базалық нормаға қарсы жоғарылатылған бойынша дәнділер
650
5
майлылар
4000
6
жемшөптік (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер және шабындық жерге шөп егіп жаңарту үшін егілген, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер)
4500
7
сүрлемге жүгері, күнбағыс
4500
8
картоп (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қоспағанда)
27000
9
көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда)
30000
10
көкөніс-бақша дақылдары мен картоп ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып
75000
11
өнеркәсіптік түрінде қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (2 дақыл айналымға)
2476911,3