О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 405 «Об утверждении Методики по проведению мониторинга за использованием бюджетных средств, выделенных на решение вопросов местного значения, и доходных источников местного самоуправления»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 405 «Об утверждении Методики по проведению мониторинга за использованием бюджетных средств, выделенных на решение вопросов местного значения, и доходных источников местного самоуправления»
- Атауы (қаз.)
- «Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 479
- Қабылданған күні
- 20.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2020 121756_445342.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016867
- ЭКБ идентификаторы
- 121756
- Редакция идентификаторы
- 121756_445342
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:45
0 «Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 39-3-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8762 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 240 (28179) болып жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына талдау жүргізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдігінің аппараты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген) есепті жылдан кейінгі айдың 5-і күніне дейінгі мерзімде бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы жарты жылдықтың және есепті жылдың қорытындылары бойынша есеп жасайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес түскен түсімдерден қалыптастырылады.»;
қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 сауірдегі
№ 479 бұйрығына
қосымша
Жергілікті маңызы бар мәселелерді
шешуге және жергілікті өзін-өзі
басқарудың кіріс көздеріне бөлінген
бюджет қаражатын пайдалануға
мониторинг жүргізу әдістемесіне
қосымша
нысан
Мемлекеттік мекеменің атауы _____________________________
Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық ______________________
Бірліктің өлшемдер: мың теңге
Атауы
Жолдың коды
Бір жылға бекітілген жоспар
Бір жылға нақтыланған жоспар
Жарты жылға жоспар
Іс жүзінде орындалуы
Нақтыланған жоспарға орындалуы % (баған 6/баған 4) х100
Жарты жылдық жоспарға орындалуы % (баған 6/ баған 5) х100
Нақтыланған жоспарға орындалмау сомасы (баған 6- баған 4)
Жарты жылдық жоспарға орындалмау сомасы (баған 6- баған 5)
Ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалмау себептері
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Барлық жылдың басына ақшалар қалдығы
010
Есепті кезеңнің түсімдері, барлығы (021-025 жолдар сомасы)
020
Оның ішінде
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдерінің басқаруында тұрған мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға алуда) түскен түсімдер
021
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру үшін төлем
022
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 204, 386, 408 және 505-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзғаны үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкімдері өндіріп алатын айыппұлдар
023
Жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары
024
өзге
025
Жиыны
030
Шығыстар - барлығы
050
Оның ішінде, шығыстардың бағыттары бойынша:
Есепті кезеңнің соңында қалған ақша қалдығы - барлығы
100
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың,
кенттің, ауыл округінің әкімі ________ ______________________________
(қолы) (тегі, аты, жөні) (бар болса)
Қаржы қызметінің басшысы________ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, жөні) (бар болса)
Күні _____ жылғы «__»____________