О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 26 ноября 2013 года № 434 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов организаций физической культуры и спорта"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 26 ноября 2013 года № 434 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов организаций физической культуры и спорта"
- Атауы (қаз.)
- "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 01.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2016 90018_Some(102646).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010969
- ЭКБ идентификаторы
- 90018
- Редакция идентификаторы
- 90018_Some(102646)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:39
0 «Дене шынықтыру және спорт
ұйымдарының басшылары,
мамандары лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігі Төрағасының 2013 жылғы
26 қарашадағы № 434 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9015 тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылғы 8 ақпандағы № 27 (28251) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), заң, экономика мамандықтары бойынша, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4 4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 3 сәуір