О внесении изменений и дополнений в решение Жаксынского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-19-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаксынском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Жаксынского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-19-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаксынском районе
- Атауы (қаз.)
- Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 5С-19-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С-26-4
- Қабылданған күні
- 07.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2017 77684_189548.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BM004019
- ЭКБ идентификаторы
- 77684
- Редакция идентификаторы
- 77684_189548
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:57
0 Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 5С-19-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-19-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3809 болып тіркелген, 2013 жылдың 27 қыркүйекте «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы, осы аталған шешімімен бекітілген:
3 бөлімдегі 11 тармақтың 3) тармақшасы келесі мәтінде баяндалсын:
«3) коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек: «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде:
ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;
қаза тапқан әскери қызметшілердің әйелдеріне (күйеулеріне), жалпы аурудың салдарынан мүгедек деп танылған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;
3 бөлімдегі 12 тармағының 1 тармақшасындағы 5 азат жол «облыстық бюджеттен бөлінген, мақсатты трансферттер есебі үшін» сөздері алынып тасталсын;
3 бөлімдегі 13 тармақтың 3), 4) тармақшалары келесі сөздермен толықтырылсын «осы Ереженің 3 бөлімінің 12 тармағының 1) тармақшасын қоспағанда».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков