Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»

Ереже · № 6С-2/3 · қабылданған 12.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2013-no-5-207-ekb-103039/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району» Күшін жойған Ереже ·№ 6С-2/3 ·12.05.2016
28.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 6С-2/3 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»
Атауы (қаз.)
Бурабай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-2/3
Қабылданған күні
12.05.2016
Көрсетілген редакция
28.02.2018 103039_305364.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BS005398
ЭКБ идентификаторы
103039
Редакция идентификаторы
103039_305364
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:13

0 Бурабай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 Бурабай аудандық мәслихаттың шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген, 2013 жылдың 10 қазанында аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспе сөзбасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабынының 2-3 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 43 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:»;
аталған шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Бурабай аудандық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру және оның нәтижесін қызмет алушыға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша беру, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық түрде қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;»;
21 тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі
Т. Ташмағамбетов

Қолданыстағы