О внесении изменения в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»
- Атауы (қаз.)
- Бурабай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-6/3
- Қабылданған күні
- 27.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2018 105562_305370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BS005498
- ЭКБ идентификаторы
- 105562
- Редакция идентификаторы
- 105562_305370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:15
0 Бурабай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 Бурабай аудандық мәслихаттың шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген, 2013 жылдың 10 қазанында аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 8) тармақшасындағы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» сөздері «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі
Т. Ташмағамбетов