Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»

Ереже · № 5С-40/2 · қабылданған 03.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2013-no-5-207-ekb-88539/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району» Күшін жойған Ереже ·№ 5С-40/2 ·03.03.2015
28.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 5С-40/2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»
Атауы (қаз.)
Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 «Бурабай ауданы бойынша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-40/2
Қабылданған күні
03.03.2015
Көрсетілген редакция
28.02.2018 88539_305362.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15BS004731
ЭКБ идентификаторы
88539
Редакция идентификаторы
88539_305362
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:16

0 Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 «Бурабай ауданы бойынша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабынының 2-3 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 37 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданы бойынша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 (Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3816 тіркелген, 2013 жылдың 10 қазанында аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 бөлімнің 2 тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8) уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Бурабай аудандық бөлімшесі»;
2 бөлімнің 8 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
ең төмен зейнетақы алатын және жасы бойынша мемлекеттік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);
ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне;
Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы»;
2 бөлімнің 9 тармағы келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне, көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен соңғы оқу курсы үшін 100 % мөлшерінде төлеуге;».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Бурабай ауданының әкімі
Т. Ташмағамбетов

Қолданыстағы