Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»

Ереже · № 6С-13/3 · қабылданған 28.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2013-no-5-207/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району» Күшін жойған Ереже ·№ 6С-13/3 ·28.03.2017
28.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 6С-13/3 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение Бурабайского районного маслихата от 26 августа 2013 года № 5С-20/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»
Атауы (қаз.)
Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-13/3
Қабылданған күні
28.03.2017
Көрсетілген редакция
28.02.2018 111423_305372.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BS005891
ЭКБ идентификаторы
111423
Редакция идентификаторы
111423_305372
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:36

0 Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген, 2013 жылғы 10 қазанда аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) шешімімен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
2 бөлімнің 8 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

8 «8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
ең төмен зейнетақы алатын және жасы бойынша мемлекеттік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);
оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге;
Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына;
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер;

2 2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

3 3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.»;

2 бөлімнің 9 тармағы:
келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) ағымдағы қаржы жылына қарастырылған сомалар шегінде, мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы сатып алынатын Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторлық-курорттық емдеуге жолдамалар түрінде.
Санаторлық-курорттық емдеуден өту мерзімі 10 күнді құрайды. Санаторлық-курорттық емделуге құқық өтініш берген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде күнтiзбелiк жылда бір реттен аспайтындай беріледі. Санаторлық-курорттық емдеуден өту орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құнын төлеу санаторлық-курорттық емдеуді алушының жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Өтiнiш берушi санаторлық-курорттық емдеуден өз қалауы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама уәкілетті органға қайтаруға және кезектілікке сәйкес басқа өтiнішкерге беруге жатады;»;
келесі мазмұндағы 8) тармақшамен:
«8) мүгедектігі жоқ, қайтыс болған Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларын жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі
________________ Т. Ташмағамбетов
28 наурыз 2017 жыл

Қолданыстағы