Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 845 "Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг"

Қаулы · № 1472 · қабылданған 31.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2013-no-845/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 845 "Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг" Күшін жойған Қаулы ·№ 1472 ·31.12.2013
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 845 "Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1472 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 845 "Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1472
Қабылданған күні
31.12.2013
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI76426_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001472
ЭКБ идентификаторы
76426
Редакция идентификаторы
AI76426_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:10

0 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

10 «10. Тексеру жүргізу үшін жауапты мемлекеттік орган:

1

1) өз қызметкерлерінің, мүдделі мемлекеттік органдар, уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті берушілер, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің, жауапты мемлекеттік органның қаралып отырған қызмет саласындағы тәуелсіз сарапшыларының қатарынан жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрады;

2

2) әлеуметтік желілердегі өзінің парақтарында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік органның құзыретіне кіретін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде ұсыныстар жинаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
Мүдделі мемлекеттік органдар, уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті берушілер, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, тәуелсіз сарапшылар жауапты мемлекеттік органның сұратуы бойынша жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс тобының құрамы жөніндегі ұсыныстарын жібереді.

11 11. Тексеру жүргізу басталған сәттен бастап жауапты мемлекеттік орган:

1

1) жұмыс тобының мүшелерін мемлекеттік көрсетілетін қызметті тексеру үшін қажетті ақпаратпен, құжаттармен, нормативтік құқықтық актілермен, әдіскерлер, жауапты мемлекеттік органның басқа да құзыретті тұлғалары тарапынан консультациялармен, сондай-ақ жұмыс орындарымен, кеңселік техникамен, байланыспен және басқа да материалдармен;

2 2) «электрондық үкімет» веб-порталында қажетті құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орналастыруды және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру жөнінде келіп түскен ұсыныстар бойынша кері байланысты қамтамасыз етеді.»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

11-1 «11-1. Мемлекеттік орган «электрондық үкімет» веб-порталында өз құзыреті шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі халықтың жиналған ұсыныстарына талдау жүргізеді және оны тексеру жүргізу кезінде есепке алады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы