Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Каратобинского районного маслихата от 26 марта 2013 года № 9-2 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каратобинском районе"

Ереже · № 18-2 · қабылданған 23.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2013-no-9-2-ekb-75656/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Каратобинского районного маслихата от 26 марта 2013 года № 9-2 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каратобинском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 18-2 ·23.11.2013
22.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Каратобинского районного маслихата от 26 марта 2013 года № 9-2 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каратобинском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 18-2 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Каратобинского районного маслихата от 26 марта 2013 года № 9-2 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каратобинском районе"
Атауы (қаз.)
Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 9-2 "Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-2
Қабылданған күні
23.11.2013
Көрсетілген редакция
22.02.2024 75656_686086.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13ZI003370
ЭКБ идентификаторы
75656
Редакция идентификаторы
75656_686086
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:49

0 Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 9-2 "Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 9-2 "Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3279 тіркелген, 2013 жылғы 10 мамырда "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы";
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.";
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын 2 тармағының бесінші абзацы, 5 тармағының оныншы абзацы және 3 тармағының жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеу ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.".

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы