О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 26 декабря 2013 года №16-8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 26 декабря 2013 года №16-8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района»
- Атауы (қаз.)
- Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34-9
- Қабылданған күні
- 19.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2020 127862_455424.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZJ005491
- ЭКБ идентификаторы
- 127862
- Редакция идентификаторы
- 127862_455424
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:00
0 Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3407 тіркелген, 2014 жылы 6 ақпандағы «Сырым елі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі (кіріспе) мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағида) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.»;
2 – тармақта:
11), 12), 13), 14), 15), 16 тармақшалары алынып тасталсын;
8 – тармақта:
3), 4) тармақшалары алынып тасталсын;
24 – тармақ алынып тасталсын;