О внесении изменений в решение акима Лебяжинского района от 26 марта 2014 года № 1 «Об избирательных участках на территории Лебяжинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Лебяжинского района от 26 марта 2014 года № 1 «Об избирательных участках на территории Лебяжинского района»
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы «Лебяжі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері туралы» № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-04/1
- Қабылданған күні
- 31.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2019 118740_387304.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PI005858
- ЭКБ идентификаторы
- 118740
- Редакция идентификаторы
- 118740_387304
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:57
0 Лебяжі ауданы әкімінің 2014 жылғы
26 наурыздағы «Лебяжі ауданы
аумағындағы сайлау учаскелері
туралы» № 1 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 - бабы 1, 2 - тармақтарына сәйкес, Лебяжі ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Лебяжі ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы «Лебяжі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3750 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірде аудандық «Аққу үні» - «Вести Акку» газеттерінде, 2014 жылғы 16 сәуірде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) № 1 шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
№ 348 сайлау учаскесі алынып тасталсын;
№ 334 сайлау учаскесінде «Южная» сөзі «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» сөздері мен цифрларына ауыстырылсын;
№ 349 сайлау учаскесінде «Степная» сөзі «Ынтымақ» сөзіне, «30 лет Целины» цифрлары мен сөздері «Ұлы Жеңіс» сөздеріне, «Энтуазиастов» сөзі «Конституция» сөзіне ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Т.Кобайдаровқа жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Лебяжі аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
Г. Калиева 2018 жылғы «31» қаңтар