О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 февраля 2014 года № 110 "Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на право занятия охранной деятельностью"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 февраля 2014 года № 110 "Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на право занятия охранной деятельностью"
- Атауы (қаз.)
- "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 371
- Қабылданған күні
- 24.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2015 AI81694_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009613
- ЭКБ идентификаторы
- 81694
- Редакция идентификаторы
- AI81694_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:21
0 "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9226 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Регламенттің 3-тарауы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөліністердің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу дәйектілігінінің де толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиия генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Күзет қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
- мемлекеттікқызметкөрсетудіңбасталуынемесеаяқталуы;
- көрсетілетінқызметтіалушырәсімінің (іс-қимылының)және (немесе)ҚФБ атауы;
- таңдаунұсқасы;
- келесірәсімге (іс-қимылға) өту.