О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 февраля 2014 года № 110 "Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на право занятия охранной деятельностью"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 февраля 2014 года № 110 "Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на право занятия охранной деятельностью"
- Атауы (қаз.)
- "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 371
- Қабылданған күні
- 24.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2015 AI81694_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009613
- ЭКБ идентификаторы
- 81694
- Редакция идентификаторы
- AI81694_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:21
0 "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9226 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Регламенттің 3-тарауы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөліністердің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу дәйектілігінінің де толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиия генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Күзет қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
- мемлекеттікқызметкөрсетудіңбасталуынемесеаяқталуы;
- көрсетілетінқызметтіалушырәсімінің (іс-қимылының)және (немесе)ҚФБ атауы;
- таңдаунұсқасы;
- келесірәсімге (іс-қимылға) өту.