О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Акмолинской области от 26 ноября 2014 года № А-11/572 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление внутренней политики Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Акмолинской области от 26 ноября 2014 года № А-11/572 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление внутренней политики Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № А-11/572 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/138
- Қабылданған күні
- 29.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2016 101783_169586.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16B0005322
- ЭКБ идентификаторы
- 101783
- Редакция идентификаторы
- 101783_169586
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:54
0 «Ақмола облысының ішкі
саясат басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің ережесін бекіту
туралы» Ақмола облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
26 қарашадағы № А-11/572
қаулысына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № А-11/572 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4542 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
16-тармақтағы:
2), 4), 5), 6) тармақшалары алып тасталсын;
келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Ақмола облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинау, жинақтау және уәкілетті органға беру.».
2 2. «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзімде енгізілген өзгерістер мен толықтыру туралы әділет органдарын хабарлауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
4 4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру мәтіні
Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ А-5/138
қаулысымен бекітілді
«Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру мәтіні
16-тармақтағы:
2), 4), 5), 6) тармақшалары алып тасталсын;
келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Ақмола облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинау, жинақтау және уәкілетті органға беру.».