Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года № 266 «Об утверждении Правил превентивных посещений группами, формируемыми из участников национального превентивного механизма» и от 2 апреля 2014 года № 301 «Об утверждении Правил возмещения расходов участников национального превентивного механизма по превентивным посещениям»

Қаулы · № 874 · қабылданған 26.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2014-no-266-2-2014-no-301-ekb-117005/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года № 266 «Об утверждении Правил превентивных посещений группами, формируемыми из участников национального превентивного механизма» и от 2 апреля 2014 года № 301 «Об утверждении Правил возмещения расходов участников национального превентивного механизма по превентивным посещениям» Қолданыста Қаулы ·№ 874 ·26.12.2017
26.12.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года № 266 «Об утверждении Правил превентивных посещений группами, формируемыми из участников национального превентивного механизма» и от 2 апреля 2014 года № 301 «Об утверждении Правил возмещения расходов участников национального превентивного механизма по превентивным посещениям»

Қолданыста Қаулы ·№ 874 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года № 266 «Об утверждении Правил превентивных посещений группами, формируемыми из участников национального превентивного механизма» и от 2 апреля 2014 года № 301 «Об утверждении Правил возмещения расходов участников национального превентивного механизма по превентивным посещениям»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және «Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
874
Қабылданған күні
26.12.2017
Көрсетілген редакция
26.12.2017 117005_266079.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000874
ЭКБ идентификаторы
117005
Редакция идентификаторы
117005_266079
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:23

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және «Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 2 сәуірдегі
№ 301 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 176-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Үйлестіру кеңесі хаттамалар негізінде кезеңдік және аралық алдын ала болу жоспарларын (болу мерзімдерін, болатын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ болудың көрсетілген түрлерін жүргізуге уәкілетті топтар құрамын қамтитын) бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Үйлестіру кеңесі (кезеңдік және аралық болу бойынша) немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (арнаулы болу бойынша) әрбір топтың құрамына ұлттық алдын алу тетігінің төртеуден аспайтын қатысушысын енгізеді.»;

2 2) «Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 196-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алдын ала болу бойынша шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеу мынадай құжаттар:
1) кезеңдік және аралық алдын ала болулар бойынша – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) тиісті жоспарларды (болу мерзімдерін, болатын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ болудың көрсетілген түрлерін жүргізуге уәкілетті топтар құрамын қамтитын) қоса бере отырып, алдын ала болулардың көрсетілген түрлерінің жоспарларын бекіту туралы хаттамалары;
2) арнаулы болулар бойынша – азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалаудың түрлерін қолдану туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының тобын жіберу туралы шешімі;
3) осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын құжаттар;
4) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес топ басшылары жіберетін ақшалай қаражаттың іс жүзіндегі шығыстары туралы есеп;
5) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген растау негізінде жүзеге асырылады.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кеңсе тауарларын сатып алуға, жиналған материалдардың көшірмелерін жасауға арналған, телефон байланысын, интернет пен пошта қызметтерін пайдаланғаны үшін шығыстарды қамтитын, алдын ала болуды жүзеге асыратын ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына ең төменгі екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі жүкқұжат шығыстары.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұлттық алдын алу тетігі тобының басшысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтелуге жататын шығыстар туралы ақпаратты көздейтін ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы есепті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мекенжайына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей тапсырыс хатпен жібереді.
Топ басшысы ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы есепке осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын құжаттарды қоса береді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне:
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айында 10-күніне дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес растауды;
2) Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысуы жөніндегі растауды жолдайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ай сайын, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының шығыстарын өтеуді ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысына тиесілі соманы ұлттық алдын алу тетігі тобының басшысы ұсынған және тиісті банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым растаған оның ағымдағы банк немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізеді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 ______ жылғы_________ айына арналған

Ұлттық алдын алу тетiгi
қатысушыларының алдын ала болу
бойынша шығыстарын өтеу
қағидаларына
1-қосымша
______ жылғы_________ айына арналған
Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушылары тобының алдын ала болу бойынша ақшалай қаражатының
іс жүзіндегі шығыстары туралы есебі
Р/с №
Ор­на­лас­қан жер­дің то­лық ме­кен­жайы көр­се­ті­л­ген ме­ке­ме­нің неме­се ұй­ым­ның ата­уы
ҰАТ то­бы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры­ның Т.А.Ә
Ал­дын ала бо­лу мер­зі­мі
Ал­дын ала бо­лу тү­рі
Ал­дын ала бо­лу­дың қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша топ есе­бін дай­ын­да­у­ға бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар (ең тө­мен­ті 1 жа­ла­қы мөл­ше­рін­де)
Топ қа­ты­су­шы­сы­ның шы­ғуы­на бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
Үсте­ме шы­ғы­стар
Тұ­ру үшін
Тәу­лік ақы
Жиы­ны
ҰАТ тобының басшысы Т.А.Ә. __________________(қолы, күні және жылы)

2 ______ жылғы_________ айына арналған

Ұлттық алдын алу тетiгi
қатысушыларының алдын ала болу
бойынша шығыстарын өтеу
қағидаларына
2-қосымша
______ жылғы_________ айына арналған
Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушылары тобының алдын ала болу қорытындысы бойынша жазбаша есептерді тапсыру туралы растау
Р/с

Ор­на­лас­қан жер­дің то­лық ме­кен­жайы көр­се­ті­л­ген ме­ке­ме­нің неме­се ұй­ым­ның ата­уы
Ал­дын ала бо­лу өт­кі­зі­л­ген кү­ні
Ал­дын ала бо­лу тү­рі
Ал­дын ала бо­лу қо­ры­тындысы бой­ын­ша есеп ата­уы
Есеп­ке қол қой­ған ҰАТ қа­ты­су­шы­ла­ры­ның Т.А.Ә.
ҰАТ қа­ты­су­шы­ла­ры
то­бы бас­шы­сы­ның Т.А.Ә.
Ал­дын ала бо­лу қо­ры­тындысы бой­ын­ша есеп­ті тап­сы­ру кү­ні
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Т.А.Ә.

Қолданыстағы