О внесении дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 26 августа 2014 года № 277/8 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 26 августа 2014 года № 277/8 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 277/8 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 199/7
- Қабылданған күні
- 07.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2017 92214_260606.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004625
- ЭКБ идентификаторы
- 92214
- Редакция идентификаторы
- 92214_260606
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:13
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 26 тамыздағы
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені бекіту
туралы» № 277/8 қаулысына
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 277/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4003 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қыркүйекте «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі келесі мазмұндағы 6) жолмен толықтырылсын:
«6) Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».
2 2. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.